1 тамыздан бастап қала тұрғындарының өтініштері бойынша №16, №66, №70, №71, №69 бағыттардағы автобустардың сызбалары мен кестелері өзгертілді.
Шымкент қаласында қоғамдық көліктердің бағыты қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
Қоғамдық көлік жүйесін оңтайландыруға қатысты ұсыныстар мен өтініштер қала әкімінің жеке қабылдауында, азаматтармен кездесулерде көтерілген болатын. Осыған орай, кезекті тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның отырысында бірқатар ұсыныстар талқыланды.
1 тамыздан бастап қала тұрғындарының өтініштері бойынша №16, №66, №70, №71, №69 бағыттардағы автобустардың сызбалары мен кестелері өзгертілді.
Қазіргі таңда, 276 орамдағы Тұрсынбайұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, №16 автобус маршрутының сызбасы ұзартылды
- №66 автобус маршрутының сызбасы Тұран шағын ауданы Қазтуған жырау көшесі арқылы ұйымдастырылды
- №71 автобус маршрутының сызбасы Аймауытов көшесі арқылы оңтайландырылды
- №70 автобус маршрутының сызбасы тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, Бөлешов көшесінен 600 метрге ұзартылды
- №69 автобус маршрутына кесте қосылды, яғни жұмыс күндері 13 автобус, демалыс, мереке күндері 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды
- Сайрам елдімекенінің орталығы Ю.Сареми көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты №139 бағыттағы автобустардың сызбасы уақытша өзгертілді.