Сайлау Еуропа жұртшылығының назарын аударып тұр.
ERNUR.KZ. Жексенбіде Румынияда президенттік сайлау өтіп жатыр, деп жазады inform.kz.
Сайлау Еуропа жұртшылығының назарын аударып тұр. Өйткені оңшыл күштердің кандидаты Джордж Симионның (AUR партиясы) жеңімпаз болуы ықтимал. Егер бұл саясаткер жеңіске жетсе, онда бұл Еуропадағы оңшыл партияларды күшейту саяси трендін нығайта түседі.
Румыния НАТО-ның мүшесі және Шығыс Еуропадағы ЕО-ның маңызды стратегиялық мемлекеті екенін ескерер болсақ, сайлау маңызы арта түседі. Дж.Симион Брюссельге қатаң ұстаным ұстануға және Румынияның ұлттық мүдделерін қорғауға уәде беріп отыр.
Жексенбі күні ең көп дауыс жинаған 2 кандидат 8 желтоқсанға белгіленген екінші кезеңге өтеді. Сонымен қатар осы жылдың 1 желтоқсанында парламенттік сайлау өтеді. Саяси науқан алдағы 4 жылда Румыния үкіметін қандай партия немесе партиялар басқаратындығын айқындайтын болады.
Румынияның саяси жүйесі француздікіне ұқсайды. Президент мемлекет басшысы, бас қолбасшы саналады. Президент парламенттік сайлау нәтижесіндегі негізінде премьер-министрді тағайындайды. Премьер-министр үкіметті басқарады және ел бюджетіне жауап береді.
Румынияда жүргізілген сауалнама нәтижесінде мемлекет басшысы болуға мүмкіндігі жоғары кандидаттар мыналар:
• Румынияның қазіргі премьер-министрі Марчел Чолаку;
• Румын бірлігі үшін оңшыл альянстың көшбасшысы Джордже Симион;
• “Румынияны құтқарамыз” центристік либералды одағының көшбасшысы Елена Ласкони;
• НАТО бас хатшысының бұрынғы орынбасары Мирча Джоанэ;
• Отставкағы генерал Николае Чукэ.
Экзит-полға негізделген бірінші алдын ал нәтиже Румыниядағы сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жергілікті уақыт бойынша 21:00-де жарияланады.