Шымкентте 700 мың теңгеден астам қаржы жымқырған күдікті ұсталды

0
781

Ол жер телімін сатпақ болған.


Шымкентте  700 мың теңгеден астам қаржы жымқырған күдікті ұсталды

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол алаяқтық жолмен қала тұрғынының сеніміне кіріп, жер телімін сатамын деп шамамен 700 мың теңгеден астам сомада ақшасын алған.

Аталған жайт Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 1 бөлігі (алаяқтық) бойынша тіркелген.