Шымкентте адасып қалған 10 жастағы бала табылды

0
1 416

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.


Шымкентте адасып қалған 10 жастағы бала табылды

Шымкентте 10 жастағы бала үйінен шығып кетіп, адасып қалған. Өздері таба алмаған соң ата-анасы полицияға арызданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылы 27 наурызда Әл-фараби АПБ 102 сымтетігіне Шымкент қаласының тұрғыны хабарласып, он жасар баласының үй ауласында ойнап жүрген жерінен таппай қалғандығын айтқан.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көшеде жалғыз жылап жүрген баланы көріп, полиция басқармасына жеткізеді. Тәртіп сақшыларының баланы сұрастыру барысында адасып қалғанын анықтап, оны ата-анасына тапсырды.