Олар жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте жүргізуші анасы мен баласын қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 5 шілде күні сағат 16:30 шамасында Т.Рысқұлов көшесінің қиылысында болған. Жүргізуші өзінің басқаруындағы "Лада -21713" маркалы автокөлігімен жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетіп, жол көлік оқиғасын жасаған.
"Жәбірленушілер қалалық 2 және балалар ауруханасына қаралып, үйлеріне қайтарылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабтың 2 -бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Тексеру барысында жинақталған іс құжаттар Әкімшілік полиция басқармасына жолданып, алған дене жарақаттарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.