Шымкентте балалар арасында ЖРВИ өршіп тұр

0
658

2022 жылдың 3 айында 10169 жедел респираторлы вирусты инфекция тіркелген.


Шымкентте балалар арасында ЖРВИ өршіп тұр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жұқтырғандар саны көбейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша 2021 жылдың 12 айында 19468 жедел респираторлы вирусты инфекция тіркелген. 2020 жылдың салыстырмалы кезеңінде 14946 жағдай тіркелген, аурушаңдық 27,6%-ке жоғарылады. Ауырғандардың ішінде 75,0% 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

2022 жылдың 3 айында 10169 жедел респираторлы вирусты инфекция тіркелсе, 2021 жылдың 3 айында 5825 жағдай тіркелген, яғни аурушаңдық 1,7 есеге жоғарылаған, оның ішінде 72,5%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылдардың эпидемиологиялық кезеңінде тұмаудың А түрімен 16 жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгісі – 6.

“Тұмаудың алдын алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлініп, 130000 доза «Гриппол+» вакцинасы тегін егуге алынды. Вакцина жалпы қала халқының 12%-ын қамтуға жұмсалды. Ақылы түрде жұмыс берушінің есебінен 537 адам егілді”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қала бойынша эпидемиологиялық кезеңде емдеу профилактикалық мекемелерде тұмау тектес науқастардан 325 сынама алынып, зертханалық зерттеуге тексерілді, тұмаудың А(H3N2) түрімен 16 науқастан оң нәтиже анықталды.

Айта кетейік, тұмау мен ЖРВИ – ең кең тараған барлық жұқпалы аурулардың 90%-ын құрайтын тыныс алу жолдарын зақымдаумен жүретін аурулар тобы. Бүкіл әлем бойынша жыл сайын әрбір үшінші адам ЖРВИ-мен ауырады.