Шымкентте балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді

0
2 817

50 адамнан артық емес болған жағдайда арақашықтық пен күшейтілген санитариялық режимді сақтай отырып ұйымдастырылады.


Шымкентте балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шектеулері туралы жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыға сәйкес, ас беру шараларын (30 пайыз, 50 адамнан артық емес) қоспағанда, салтанатты, естелік іс-шараларын өткізуге (корпоративтер, банкет, той, туылған күн, мерейтой, шығарып салу, кұдалык, беташар және тағы басқа) тыйым салынады. Адамдар көп жиналатын барлық іс-шараларға тыйым салынды.

АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері, байланыссыз кызметтер (көлік жуу, көлік, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяк киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілт жасау бойынша көрсетілетін кызметтер және тағы басқа) қалыпты режимде жұмыс істей береді. Сонымен қоса, кеңсе қызметкерлерінің 30 пайызы қашықтықтан жұмыс істейді.

Сонымен қатар, балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын аландары, жабық аттракциондар) жұмысы сағат 09:00 - 23:00 дейін 30 пайыздан, 50 адамнан артық емес болған жағдайда арақашықтық пен күшейтілген санитариялық эпидемиологиялық режимді сақтай отырып ұйымдастырылады. Бильярд клубтарының жұмысына сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін толтырылуы 30 пайыздан аспайтын және санитариялық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Туризм және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер, санаториялық-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т.б.) қалыпты режимде жұмыс жасайды.

Ашық алаңда және ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының толтырылуы 50 пайызға дейін бірақ, 50 орындықтан асырмай жұмыс және демалыс мереке күндері сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін рұқсат берілді.

Ал оқу бітіретін сыныптар пәндердің 70 пайызын штаттық режимде 30 пайызын қашықтықтан оқиды. 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1 ден 5-сыныпқа дейін сонымен қоса, халықаралық мектептерде 1-ден 7 сыныпқа дейін оқушылар саны 25-тен аспаған жағдайда рұқсат беріледі. Сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат берілді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша "жасыл" аймақта орналасқан.