​Шымкентте биыл 17 балабақша ашылды – қала әкімі

0
1 626

Әбдірахымов Шымкентте балаларды балабақшаға орналастыру процестері толық автоматтандырылғанын айтты.


​Шымкентте биыл 17 балабақша ашылды – қала әкімі

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Қазіргі уақытта қала халқының 91,6% табиғи газбен қамтылған. Бұл көрсеткішті арттыру үшін 2019-2020 жылдары үшінші АГРЭС салынатын болады. Нәтижесінде, газбен қамту көрсеткіші 100% жететін болады. Сонымен қатар, ауыз сумен қала халқының 93% қамтылған», - деген қала әкімі, бұл қамтуды 100% жеткізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Әбдірахымов Шымкентте балаларды балабақшаға орналастыру процестері толық автоматтандырылғанын айтты. Нәтижесінде, 3-6 жас аралығындағы балабақшаға кезекке тұрғандар саны 2,5 есеге немесе 40 мыңнан 18 мыңға дейін қысқарған.

«Жыл басынан бері 2 451 орындық 17 балабақша ашылып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны 476 бірлікке, бала саны 60 741 құрады. Балаларды балабақшамен қамту деңгейі 89,8% жетті», - деді қала басшысы.