Емделіп шыққандар саны – 5 152, қайтыс болғандар - 75.
Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 6 қарашаға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 254 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Емделіп шыққандар саны – 5 152, қайтыс болғандар - 75.
1 тамыздан 6 қарашаға дейін COVID-19 белгілерімен пневмонияның 1036 жағдайы тіркелді.
Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді.
Бүгінгі күні қалада 1 060 төсек - орын бар, оның 868 төсек – орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаралда 192 науқас ем қабылдауда немесе толымдылығы 18% құрайды.
Қазіргі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсететін 9 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда күніне барлығы 3550 тест жасау қуаттылығы бар.Барлығы 128 744 ПТР тест өткізілді. Өткен тәуілікте 1726 ПТЦ тест жасалған.
Қазіргі таңда қала тұрғындарына барлығы 17 компьютерлік томография аппараттары жұмыс жасауда. Коронавирустық инфекциясын және пневмонияны анықтау мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында 3 компьютерлік томография аппараты сатып алынды, олар қазіргі уақытта Қалалық инфекциялық ауруханасында, №2 және №3 қалалық ауруханаларда орнатылды.