Шымкентте ер адам өзін өртеймін деп қорқытты

0
797

32 жастағы азаматпен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері келіссөздер жүргізді.


Шымкентте ер адам өзін өртеймін деп қорқытты

32 жастағы ер адам үстіне жанармай құйып, өзін өртегісі келген. Алайда дер кезінде келген полицейлер оны құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

8 маусымында Еңбекші ауданының Полиция басқармасына Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің» алдында азамат үстіне бензин құйып өзін- өзі өртегелі жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторлары мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері келіссөздер жүргізу арқылы дер кезінде 32 жастағы азаматтың өмірін құтқарып қалды.

Аталмыш жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тіркелді.