1500 адамды тұрақты жұмыспен қамтылады.
Шымкент қаласында биыл ауыл шаруашылығы саласында 16,3 млрд теңгеге 28 жоба іске асырылып, 1500 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде жылыжай салу, 241 гектар қарқынды бау, көкөністі қайта өңдейтін зауыт, құс фермаларының қуаттылығын арттыру, мал бордақылайтын орын мен сүт фермасы және балық шаруашылығын дамыту қолға алынды.
Бұл жөнінде Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлімдеді.
- Шаһарда аумағында 18 гектар жылыжай кешені құрылады. 241 гектарды құрайтын босалқы жерлерге алма бауын егу бойынша 3 жоба, қуаттылығы сағатына 3 тоннаны құрайтын ірі жеміс – көкөніс қайта өңдеу кәсіпорны ашылады. Балық шаруашылығын дамыту үшін 2 ірі жоба жүзеге асады. 1700 бас ірі қара мал бордақылайтын – 10 жоба, 250 басты 2 тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр, - деді басқарма басшысы.
Қазіргі таңда қала аумағында 136 гектар жерге жылыжай салу жұмысы басталып кетті.