Шымкентте карантин 25 мамырға дейін жалғасады

0
2 945

Шымкенттің Бас санитар дәрігері қаулы қабылдады.


Шымкентте карантин 25 мамырға дейін жалғасады

Шымкенттегі карантин 25 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өздеріңізге мәлім, бүгін елімізде төтенше жағдай режимі алынды. Дегенмен, еліміздегі кейбір өңірлерде карантин әлі де жалғасуда.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мегаполистегі карантин режимі 25 мамырға дейін созылды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.

"Бүгін Төтенше жағдай алынды. Бірақ карантиндік шектеулер жалғасатын болады. Бірақ, карантин режимінен шығу үшін Шымкентте қадамдар жасалынады. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік Санитарлық дәрігерінің қаулысымен шектеулер біршама жеңілдетілді. Карантин шектеулері 11 мамырдан 25 мамырға дейін созылды. Қала ішіндегі бекеттер алынады. Ал, қала сыртындағы блок-бекеттер алынбайды. Өйткені, көршілес облыстарда эпидемиологиялық ахуал қалыпты емес",-дейді Е.Садыр.

Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан болатын.