Нәтижесінде, 900-ден аса карантин талаптарын бұзушылық анықталды.
Мамандар коронавирустық инфекцияның әлі де болса қауіп төндіріп тұрғандығын айтып, дабыл қағуда. Дегенмен шектеу шараларын ескермеушілер тыйылмай отыр. Осыған орай карантин режимін бұзу жайттарын анықтау, алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті аудандық Полиция басқармаларының қызметшілерімен және арнайы құрылған мобильді топтың кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нәтижесінде, 900-ден аса карантин талаптарын бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда, 179 құқық бұзушылық түнгі клуб, кафе, ресторан, компьютерлік клуб, букмекерлік кеңселерде, ал 46 құқық бұзушылық шаштараз, массаж салоны, монша, сауна, әсемдік салондарында анықталған. Сондай-ақ, 125 құқық бұзушылық той немесе басқа да жиын өткізгендер бойынша және дүкен, сауда үйі, базарларда 260-сы тіркелген. Ал өзге де қоғамдық орындарда 296 құқық бұзушылық анықталса, оған қоса 213 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені бойынша тіркелген.
Айта кетейік, анықтамалар жөнінде барлық іс-құжат Шымкент қаласы аумақтық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған.