​Шымкентте карантинде жатқандар саны 125 адамға жетті

0
1 014

Олардың 69-ы ауруханаға орналастырылса, қалған 56-сы үйлерінде оқшауланған.


​Шымкентте карантинде жатқандар саны 125 адамға жетті

Шымкентте карантинде жатқандар саны 125 адамға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Олардың 69-ы ауруханаға орналастырылса, қалған 56-сы үйлерінде оқшауланған. Бүгінге дейін коронавирусты анықтау үшін 12 адамнан сынама алынған. Нәтижесінде корнавирустың ешқандай белгілері байқалып, расталмаған. Олардың екеуі - Қытай азаматы.

Бұл туралы Шымкент қалалық тауарлар мен қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, қалада барлық талаптарға сай келетін 170 орын, 680 провизорлық жатын-орын әзірленген.

Сондай-ақ, 750 орынды аурухананы дәрі-дәрмекпен ұстап тұруға мүмкіндік бар. 4300 азамат дайындық жұмыстарына резерв ретінде тұр.