Шымкентте су тасқынынан зардап шеккен 5 отбасыға баспана кілті табысталды

0
822

Құрылыс бір жарым айға созылған.


Шымкентте су тасқынынан зардап шеккен 5 отбасыға баспана кілті табысталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғын алабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрылысы бір жарым айда аяқталған үйлердің өлшемі 11х11 метрді құрайды. Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден салынған. Бұдан бөлек, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізілді. Үйлердің құрылысын «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізді.

Баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтаған қала басшысы аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.