​Шымкентте «ТІРЕГІ ТІРШІЛІКТІҢ - АРУ АНА» атты мерекелік шара өтті

0
1 023


​Шымкентте «ТІРЕГІ ТІРШІЛІКТІҢ - АРУ АНА» атты мерекелік шара өтті

Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты кештер легі “Түркістан” сарайында ұйымдастырылған «Тірегі тіршіліктің - Ару Ана» атты іс шараға ұласты, деп жазады baq.kz.


Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, қыз-келіншектер қауымына мерекелік лебізін білдірді.



Сіздер ізгілік пен жылулық, жақсылық пен қуаныш сыйлайтын жандар ғана емес, тіршіліктің ең асыл абзалы деген құрметке лайықтысыздар. Шырайлы қаламыздың жеткен жетістіктері де сіздермен байланысты. Еліміздің дамуына, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Шуақты көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте зор жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін. Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін – деді қала әкімі.

«Тірегі тіршіліктің - Ару Ана» бейнефильмінен бастау алған салтанатты шарада Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы бастаған мәдениет майталмандары өнер көрсетті. Кеш қонағы белгілі әнші Бауыржан Исаевтың, «Х Band» джаз оркестрінің және «Қазына» би ансамблінің мерекелік тартуы да қонақтарға әдемі әсер сыйлады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі