Шымкентте төтенше жағдайға байланысты арнайы орталық ашылды

0
1 262

Өзіңізді мазалаған сұраққа 39-50-55 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала аласыз.


Шымкентте төтенше жағдайға байланысты арнайы орталық ашылды

Шымкент қаласы әкімдігі жанынан елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты арнайы колл-орталық ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қала тұрғындары төтенше жағдайға байланысты кез кезген сауалдарына 39-50-55 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала алады. Атап айтқанда, төмендегі инфографикада көрсетілген салалар бойынша сауалдарын қоя алады.

Айта кетерлігі, бұл орталық тәулік бойы жұмыс жасайды. Қазір 6 қызметкер қоңырау қабылдауға дайын. Олар 24 сағат бойы халықтың мазалаған сұрақтарына жауап береді.
Ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлер таңғы сағат 8-ден кешкі 19:00 аралығында жұмыс жасаса, кешкі ауысымда 2 қызметкер қоңырау қабылдайтын болады.