Шымкентте тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бекітілді

0
511

Техникалық тексеру нәтижелері бойынша реновация бағдарламасына тозығы жеткен 107 тұрғын үй енгізілген.


Шымкентте тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бекітілді

Шымкент қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді түбегейлі жаңарту бойынша ірі құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жөндеу жоспарына кіретін көптеген үйлер қала орталықтарында орналасқандықтан инвесторлар бұл іске қызығушылық танытты.

Осыған байланысты бүгінде бірқатар құрылыс компанияларымен, оның ішінде Bi Group, Otau Group және т.б. компаниялармен келіссөздер жасалуда. Аталған реновациялық бағдарлама инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Реновация бағдарламасы әкімдіктің қаулысымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бекітілді. Аталған бағдарлама бойынша жыл соңына дейін тұрғындардың келісімі алынатын үйлердің тізбесі анықталып, іске асыру көзделіп отыр.
Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иесінің мүлкін реквизициялау кезінде оның құны толығымен өтелу арқылы меншік иесі келіскен жағдайда, өткізілетін мүлік үшін өтемақы немесе салынып жатқан нысандардағы ауданы жағынан бірдей тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қамтамасыз етіледі.
Айта кету керек, техникалық тексеру нәтижелері бойынша реновация бағдарламасына тозығы жеткен 107 тұрғын үй енгізілген. Оның ішінде Абай ауданы бойынша - 56, Әл-Фараби ауданы бойынша - 43, Еңбекші ауданы бойынша - 8 тұрғын үй.