Шымкенттегі базарлар заманауи талапқа сай қайта жаңғыртылып жатыр

0
648

Шымкент қаласы аумағында жалпы 36 базар жұмыс істейді.


Шымкенттегі базарлар заманауи талапқа сай қайта жаңғыртылып жатыр

Шымкент қаласында 5 базар заманауи талапқа сай қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы аумағында жалпы 36 базар жұмыс істейді, оның ішінде 19 әмбебап, 17 мамандандырылған базар бар.

Бірқатар қала базарларының құрылысы ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, яғни базарларды жаңғыртуды қажет етеді. Сондықтан бұл талаптарға сәйкес 19 базар қайта құрылымдалу керек.
Оның ішінде Бекжан, Шымкент Тұлпар, Исатай (Алатау), Акбар, «Иманалиев» мал базары, Барыс, Жабық базар, Көктем, Жібек Жолы, Жаңа шахар, Назым апа, Көмеш бұлақ базарлары реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды.
Ал "Авто Нұр", "Орталық қырғы базар", "Алаш", "Айна", "Самал" базарларына модернизациялау жұмыстары жүргізіліп, сауда қатарларының қызметін ұйымдастыру, сауда базарының аумағын күтіп-ұстау, оны жабдықтау және жарақтандыру талаптарға сәйкестендірілуде.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес, белгіленнен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен қала аумағындағы ретсіз саудаға мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды.
Аталған жұмыс тобы қала аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жыл басынан бері 550 хаттама толтырылып, оның ішінде 407 ескерту, 1 155 750 теңге айыппұл өндірілген.