Әлемдегі үздік теннисші әйелдердің рейтингі жаңарды

0
662

Қазақстандық әйелдер теннисінің екінші эшелонының екі өкілі – Гозаль Айнитдинова мен Екатерина Дмитриченко өз позицияларын біраз жақсартты.


Әлемдегі үздік теннисші әйелдердің рейтингі жаңарды

ERNUR.KZ. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілерінің рейтингін жаңартты, деп жазады 24.kz.

Алдыңғы нұсқаға қарағанда айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Қазақстан құрамасының көшбасшылары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева рейтингтің үздік-30 тізімінде өз позицияларын сақтап қалды. Зарина Дияс 79-сатыда тұр.

Қазақстандық әйелдер теннисінің екінші эшелонының екі өкілі – Гозаль Айнитдинова мен Екатерина Дмитриченко өз позицияларын біраз жақсартты.

WTA рейтингі. 19 қазандағы жағдай: 1 (0). Эшли Барти (Аустралия) – 8717; 2 (0). Симона Халеп (Румыния) – 7255; 3 (0). Наоми Осака (Жапония) – 5780; 4 (0). София Кенин (АҚШ) – 5760; 5 (0). Элина Свитолина (Украина) – 5260; 19 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 2696; 27 (0). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 2015; 79 (0). Зарина Дияс (Қазақстан) – 928; 279 (0). Анна Данилина (Қазақстан) – 224; (+3). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) – 93; 658 (0). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 46; 876 (+30). Екатерина Дмитриченко (Қазақстан) – 21; (0). Дарья Детковская (Қазақстан) – 10; 1312 (-2). Галина Воскобоева (Қазақстан) – 3.