Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды

0
535

Спортшылар спорттың төрт түрі: дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және жеңіл атлетика бойынша 2 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.


Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Есту қабілеті нашар адамдарға арналған Олимпиада ойындары Бразилияда өтті. Қазақстан құрамасының құрамына «Алматы» спорт клубының 12 спортшысы кірді, деп жазады zakon.kz.

Спортшылар спорттың төрт түрі: дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және жеңіл атлетика бойынша 2 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан тарихында алғаш рет екі алтынды жекпе-жеке грек-рим және еркін стильде палуан Қайратхан Шонку қанжығасына байлады.

Екінші финалист Асылжан Тәжібаев болды. Ол финалда күміс алды. Жалпы медальдік есепте Қазақстан 13-орынды иеленді.

Айта кетейік, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 100 елінен 4500-ден астам спортшы қатысты. Биыл есту қабілеті нашар адамдарға арналған Олимпиада ойындары Бразилияда өтті.