Отандасымыз алдыңғы кезеңде жылдамдық бойынша алтыншы орынға жайғасқан болатын.
ERNUR.KZ. Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогінің кезекті кезеңіне қатысады, деп жазады olympic.kz.
Қазақстандық спортшы қазіргі таңда АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шеберлігін шыңдап жатыр. 27-29 мамыр күндері осы қалада өтетін әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды.
Солт-Лейк-Ситиде ерлер мен әйелдер арасында жылдамдық және боулдеринг бойынша бәсекелер өтеді.
Айта кетерлігігі, отандасымыз алдыңғы кезеңде жылдамдық бойынша алтыншы орынға жайғасқан болатын.