"Азия балалары-2024": Қазақстан қоржынына тағы 2 алтын түсті

0
1 099

Қазақстандық Таисия Короткова кешенді жүзуде алтын медаль жеңіп алды.


ERNUR.KZ. Якутиядағы "Азия балалары-2024" халықаралық спорттық ойындарында Қазақстан қоржынына тағы 2 "алтын" түсті, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстандық Таисия Короткова кешенді жүзуде алтын медаль жеңіп алды. Ол 400 метрлік қашықтықты 5.10:17 секундта жүзіп өтті.


Жерлесіміз Тоғжан Қазынабек таэквондодан 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. "Алтынға" жету жолында ол Өзбекстаннан, Ресейден, Беларусьтен келген қарсыластарын жеңіп, финалда 2:0 есебімен тағы бір ресейлік спортшыны жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 29 медальмен 10-шы орында тұр, оның ішінде 3 алтын, 6 күміс және 20 қола бар.