Футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры Тимур Сегізбаевқа арналады.
ERNUR.KZ. Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 1-туры басталады, деп жазады ҚазАқпарат.
Аталған тур 4 және 5 наурыз күндері өтеді. Бүгін, 4 наурызда төрт ойын болса, 5 наурызда қалған үш кездесу белгіленген.
Алдымен 4 наурызда қазанда сағат 14:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Каспий» (Ақтау) жасыл алаңға шықса, 16:00-де «Жетісу» (Талдықорған) пен «Ақтөбе», 18:00-де «Тобыл» (Қостанай) бен «Ақсу» (Павлодар облысы) кездеседі.
Алғашқы күнгі ойындарды 20.00-де «Астана» бен «Шахтер» (Қарағанды) командалары аяқтайды. Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал 5 наурызда сағат 15:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), 17.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Атырау» командалары кездеседі.
Аталған турды 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) пен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры Тимур Сегізбаевқа арналады.