Екі жыл бұрын жоғалып кеткен спортшының денесі орманнан табылды

0
563

Соңғы рет Кенигті 2020 жылы 8 ақпанда көрген.


Екі жыл бұрын жоғалып кеткен спортшының денесі орманнан табылды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Миссури штатындағы Брэнсон қаласының маңында ММА-дің әуесқой шебері Дэвид Кенигтің денесі табылды, деп жазады vesti.kz.

Полиция мәліметінше, 22 желтоқсан орман арасынан адам денесі табылған. Оны бұғының мүйзін іздеушілер көрген. Сот-медициналық сараптама ол Дэвид Кениг екенін растады. Сонымен бірге, оның жанынан жеке заттары да табылған.

Сот-медицина сарапшылары Дэвид адам қолынан мерт болмағанын анықтады. Соңғы рет Кенигті 2020 жылы 8 ақпанда көрген.

Сол жылы наурызда спортшы іздеуге жарияланды.