Азия футбол конфедерациясының (AFC) ұйымдастыруымен өткен турнир 3–20 сәуір аралығында өтті.
Фото: AFC
ERNUR.KZ. Өзбекстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер футбол құрамасы 2025 жылы Сауд Арабиясында өткен Азия Кубогында алтын медальға ие болды, деп жазады stan.kz.
Азия футбол конфедерациясының (AFC) ұйымдастыруымен өткен турнир 3–20 сәуір аралығында өтті.
Финалдық матч 20 сәуірде Таиф қаласындағы King Fahd Sports City стадионында өтті. Өзбекстан құрамасы турнир иесі Сауд Арабиясы құрамасымен кездесіп, тартысты әрі қызықты ойын көрсетіп, жеңіске жетті. Ақтық бәсекеде Өзбекстан құрамасының екі ойыншысы қызыл қағаз алып, алаңнан өуылды. Алайда алаң иелері бәрібір жеңісті жұлып кете алмады.
Бұл жетістік Өзбекстанның U-17 жасындағы құрамасы үшін Азия тарихындағы алғашқы чемпиондық атақ болып табылады.
Айта кетейік, қос команда жарыстың топтық кезеңінде де жолыққан еді. Ол ойында да өзбек футболшылары жеңген болатын.
Жарыстың қорытындысы бойынша келесі өзбекстандық футболшылар жеке марапаттарға ие болды:
- Турнирдің үздік ойыншысы — Садриддин Хасанов
- Үздік қақпашы — Нематулло Рустамжонов
- Үздік сұрмерген — Асильбек Алиев (5 гол)