Ильфат Абдуллин садақ атудан Шарджадағы Азия Кубогінің 3 кезеңінің жекелей сынында жеңімпаз атанды.
ERNUR.KZ. Садақ атудан Ильфат Абдуллин Азия Кубогі кезеңінде топ жарды, деп жазады vesti.kz.
Ильфат Абдуллин садақ атудан Шарджадағы Азия Кубогінің 3 кезеңінің жекелей сынында жеңімпаз атанды. Қазақстандық спортшы бұл спорттың классикалық түрінен финалда бангладештік Мұхаммед Хәкім Ахмет Рубельді 6:4 есебімен жеңді.
Сәл ертеректе 2 жүлдені қоржынға ерлер құрамасы (классикалық түрі) салды. Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Санжар Мұсаев триосы қола медаль үшін кездесуде Бангладештен 6:2 есебімен басым түсті.
Айта кетейік кеше құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуде Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола медальге ие болған.
Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен жалпы есепте 4-орын алды. Осымен садақ асынған мергендер үшін биылғы маусым аяқталды. Жүлде жеңіп алған спортшыларымыз бен бапкерлер қосынын құттықтаймыз! Жалпы есеп пен нәтижелер мына жерде.
Қалған қазақстандық спортшылардың нәтижесі:
Командалық матчтар: (классикалық садақ ату):
1 орын – Үндістан
2 орын – Оңтүстік Корея
3 орын – ҚР құрамасы (Ильфат Абдуллин, Санжар Мусаев пен Дәулеткелді Жаңбырбай)
Әйелдер құрамасы: ҚР құрамасы – 6 орын
Аралас командалық сын:
ҚР құрамасы – 6 орын
Құралмалы садақтан ерлер құрамасы: ҚР құрамасы – 5 орын;
Әйелдер арасында:
1 орын – Үндістан
2 орын – Оңтүстік Корея
3 орын – ҚР құрамасы (Виктория Лян, Диана Макарчук пен Роксана Юнусова);