Қарсыласы ауысқан қазақ нокаутшы "Питбульмен" айқасатын болды

0
656

25 жастағы қазақстандыққа басқа қарсылас белгіленді.


Қарсыласы ауысқан қазақ нокаутшы

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбектің (12-0, 8 КО) Лондондағы айқасына бір күн қалғанда қарсыласы ауысып кетті, деп жазады Vesti.kz.

15 сәуір Ұлыбритания астанасындағы бокс кешінде Сұлтан екінші жеңіл салмақта WBO European белбеуін мальталық Хайтема Лаамузаға (17-1, 7 КО) қарсы қорғау керек болған. Алайда енді 25 жастағы қазақстандыққа басқа қарсылас белгіленді.

Енді Зауырбек "Питбуль" лақап атты 24 жастағы Николас Ботеллимен (11-6, 6 КО) жұдырықтасады. Осыған байланысты жекпе-жек статусы да өзгерді - енді ол титулды емес, рейтінгтік болады.