Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов қайтыс болды

0
489

Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты.


Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп жазады ulysmedia.kz.

Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында «Автомобилист» командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулады.

Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар, алматылық «Қайраттың» сапында ойнады.

Ойын мансабын аяқтаған соң «Қайрат» командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет атқарды.