Бұл жарысқа әлемнің 30 елінен 500-ден астам спортшы қатысқанын айта кетейік.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Дана Төлеужан Испания астанасы Мадридте джиу-джитсудан көк белбеулер арасында өткен National Pro Spain халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды, деп жазады Vesti.kz.
Бұл жарысқа әлемнің 30 елінен 500-ден астам спортшы қатысқанын айта кетейік. 55 келіде өнер көрсететін Дана Бекенқызы үшін бұл екі жылдан кейінгі оралу болып отыр.
22 жастағы Дана қазіргі таңда әлемдеі ең белді білім ордаларының бірі саналатын Римдегі "Ла Сапиенца" университетінде білім алуда. Ал бұл турнирге қатысу үшін өзін қалып келтіруге күш жұмсап, бірден бес келі салмақ түсіруге тура келген екен.
"Бұл тек басы. Ары қарайда жетістіктерге жетіп, елімнің атын шығара бермекпін", - деп атап өтті Дана.
Айта кетейік, 2019 жылы Бекенқызы Дана Абу-Дабиде әлем чемпионаты аясында өткен ақ белбеулер арасындағы фестивальда күміс жүлде жеңіп алған болатын.