Қазақстан Халықаралық Универсиаданы жалғыз «алтынмен» аяқтады

0
840

Студенттер сайысында 94 спортшы Қазақстан құрамасының намысын қорғады.


Қазақстан Халықаралық Универсиаданы жалғыз «алтынмен» аяқтады

ERNUR.KZ. Италияның Неаполь қаласында өткен Халықаралық Универсиада жарысында отандық құрама 7 медальді қанжығаға байлады. Осылайша, Қазақстан жалпы есепте 25-орынды қанағат тұтты, деп жазады inbusiness.kz.

Студенттер сайысында 94 спортшы Қазақстан құрамасының намысын қорғады. Жалғыз «алтынды» дзюдошы Ғалымжан Қырықбай иеленді. Ол абсолют салмақ дәрежесінде қарсыласына шақ келтірмеді.

Қазақстандықтар бес рет тұғырдың екінші сатысына шықты. Олар – гимнаст Нариман Құрбанов пен Милад Карими, жеңілатлет Михаил Литвин, 87 келіге дейінгі салмақта таеквондошы Смайыл Дүйсебай, стендік атудан және Зоя Кравченко. Ал Сәрсенкүл Рысбекова қола медаль иеленді.

Жалпы есепте І орынға 82 медалімен Жапония құрамасы шықты. Екінші орынға Ресей жайғасса, үздік үштікті Қытай түйіндеді.

Айта кетсек, осыған дейінгі өткен Универсиадада қазақстандық спортшылар 3– алтын, 6 – күміс және 7 қола медаль алған болатын. 2015 жылы Кванджуда өткен жарыста 6 алтын алып, қазақстандық спортшылар ең үздік нәтиже көрсеткен еді.