​Қазақстан қоржынына жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында екінші «алтын» түсті

0
752

«Күміс» жүлдені 400 метр қашықтықта кедергілер арқылы жүгіруден көзге түскен қазақстандық Анастасия Колода жеңіп алды.


​Қазақстан қоржынына жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында екінші «алтын» түсті

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Арина Гладышева Азия чемпионатында 3000 метрге жүгіруден 10.09.76 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Күміс» жүлдені 400 метр қашықтықта кедергілер арқылы жүгіруден көзге түскен қазақстандық Анастасия Колода жеңіп алды.

Бұл Кувейттегі Азия чемпионатындағы Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін ұлттық құраманың бірінші «алтынын» Сабрина Арзиева әкелген болатын. Ол 5000 метрге жүгіруден үздік атанды.