Қазақстанда сегіз ай бұрын құрылған клуб жабылуы мүмкін

0
341

Бірінші айналымнан кейін Aqtobe City клубы 12 команданың арасында сегізінші орында келеді.


Қазақстанда сегіз ай бұрын құрылған клуб жабылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Футболдан екінші лигада ойнайтын Aqtobe City клубы чемпионаттан шеттетілуі мүмкін, деп жазады vesti.kz.

"Клубта қаржылық қиындықтар бар. Ойыншылар үш айдан бері айлық алмай келеді. Іссапар мен логистикаға қаржы жоқ. 12 турда Ақтауда "Каспий Ж" командасымен ойнауы тиіс еді. Алайда сырт алаңдағы матчқа бара алмады. Енді клубқа айыппұл бекітіліп, техникалық жеңіліс жазылады. Келесі жолы осындай жағдай қайталанса клубты жарыстан шеттетеді", - деп жазады басылым.

Бірінші айналымнан кейін Aqtobe City клубы 12 команданың арасында сегізінші орында келеді.