Қазақстандық қарсыласының басынан тіземен тепкені үшін 4 млн теңге жеңіп алды (ВИДЕО)

0
738

Ресейдің тағы бір өкілі Альберт Туменов те 2019 жылғы үздіктердің қатарында бар.


Қазақстандық қарсыласының басынан тіземен тепкені үшін 4 млн теңге жеңіп алды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Қазақстандық Арман Оспанов Ресейдегі Absolute Championship Akhmat бойынша 2019 жылдағы ең үздік нокауттың авторы атанды, деп Skifnews.kz.

27 сәуірде Мәскеудегі ACA 95 екінші раундтың басында Оспанов тізесімен Германиядан келген Лом-Али Эскиевтің басынан теуіп құлатқан болатын.

ACA-ның ең жақсы жекпе-жегі - ресейлік Марат Балаев пен Салман Жамалдаев арасындағы жұдырықтасу болды, ал ең жақсы әдіс – Алматыда өткен АСА 102-дегі арқадан келіп ресейлік Хусейн Шайхаевтың қазақстандық Ержан Естановты тізе бүктіргені. Ресейдің тағы бір өкілі Альберт Туменов те 2019 жылғы үздіктердің қатарында бар.

Әр номинация бойынша жеңімпаз жанкүйерлердің, сарапшылардың және лига басшылығының дауыс беру критерийлері бойынша анықталды. Үздіктердің әрқайсысына 10 мың доллардан (3 миллион 832 мың теңгеден астам) бағалы сыйлық беріледі.