Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

0
762

Стендтік ату бойынша Азия Кубогы мен "Кувейт Гран-приіне" әлемнің түкпір-түкпірінен 350-ден астам спортшы қатысты.


Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстан мергендер құрамасы Кувейтте өткен халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.

Стендтік ату бойынша Азия Кубогы мен "Кувейт Гран-приіне" әлемнің түкпір-түкпірінен 350-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан намысын 28 мерген қорғады. Олар екі турнирде топ жарып, барлығы 13 медаль жеңіп алды. Соның ішінде 6 алтын, 4 күміс және 3 қола бар.
Спортшылар барлық медальді "скит" – дөңгелек стендтен ату жарысында иеленді.
Азия Кубогының алтыны:
Ольга Панарина мен Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина бастаған әйелдер құрамасы;
Данил Стрельцов пен Адель Садақбаева бастаған жасөспірімдер құрамасы;
микс-команда – Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко
Күміс медаль:
Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников (ерлер құрамасы);
Илья Пеньков пен Амалия Кудрявцева (жасөспірімдер командасы);
Зоя Кравченко мен Юнус Мачжон (аралас команда)
Қола медаль:
Әсем Орынбай;
Эдуард Ещенко;
Эвелина Шек
Ал ең беделді "Кувейт Гран-приі" алтын жүлдесін Зоя Кравченко жеңіп алды. Осы жарыста оған тең келер спортшы болмады.
Айта кетері, Азия Кубогы мен "Кувейт Гран-приі" 2 наурызда аяқталады.