Осыған дейін Фресстің еншісінде 15 жеңіс бар еді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда дүниеге келіп, бірақ қазіргі уақытта Германияның намысын қорғайтын боксшы Роман Фресс жартылай ауыр салмақта WBO ұйымының құрлықтық белбеуінен айырылып қалды, деп жазады Vesti.kz.
Магдебургте (Германия) өткен бокс кешінде ол карьерасында бірінші рет жеңілді. Осыған дейін Фресстің еншісінде 15 жеңіс бар еді.
Аталған кездесуді Фресстің қарсыласы косоволық Арменд Хождай болды. Бұл кездесуде Қазақстанның тумасы он раундтың қорытындысы бойынша 92-98, 94-96, 96-94 есебімен жеңіліп, белбеуінен айырылды.