Қорқынышты нокаут: Проспект қарсыласын бірінші раундта естен тандырды

0
728

Жеңіліп қалған боксшыны рингтен зембілге салып алып кетті.


Қорқынышты нокаут: Проспект қарсыласын бірінші раундта естен тандырды

ERNUR.KZ. Аргентинада өткен бокс кешінде қарсыласының бәрін нокаутпен жеңген мексикалық проспект Луис Фернандо Родригес (10-0, 10 КО) отандасы Брэндон Ромероны (12-3-1, 6 КО) есінен тандырды, деп жазады vesti.kz.

Бірінші раундта-ақ Родригес қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді де, гонг соғыларға секунд қалғанда есінен тандырды. Жеңіліп қалған боксшыны рингтен зембілге салып алып кетті. Ал жеңімпаз WBC "жастар" титулын иеленді.

Ал кештің басты айқасында жергілікті проспект Хуан Мануэль Таборда (17-0-1, 10 КО) колумбиялық Хуан Боаданы (12-4, 6 КО) жеңіп, WBO тұжырымыншпа Латын Америка чемпионы атағын қорғап қалды.