Новак Джокович Australian Open-2021 турнирінде жеңіске жетті

0
2 727

Джокович финалда ресейлік Даниил Медведевпен бас жүлдені сарапқа салды.


Новак Джокович Australian Open-2021 турнирінде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Н.Джокович финалда ресейлік, дүниежүзілік рейтингте 4-орында тұрған Даниил Медведевпен бас жүлдені сарапқа салды.

Сербиялық теннисші осыған дейін «Үлкен дулыға» турнирлерінде 17, соның ішінде Аустралия ашық чемпионатында 8 рет үздік шыққан еді. Ал ресейлік спортшы 2019 жылы АҚШ ашық чемпионатының финалына дейін жетіп, онда испаниялық Рафаэль Надальға есе жіберген еді.

Бұл жолы Н.Джокович 7:5, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп ол Аустралия біріншілігінің тоғыз дүркін чемпионы атанды.

Бұл чемпионатта ресейлік, рейтингте 114-сатыда тұрған Аслан Карацев айды аспанға шығарды. Карацев іріктеу сайысынан негізгі турнирге жолдама алып, онда жартылай финалға дейін жетіп, ол да Н.Джоковичке жол берді.

Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингте Д.Медведев үздік үштікке, А.Карацев 50 теннисшінің қатарына кіреді.