ERNUR.KZ. 15 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында фристайлдің акробатика түрінен жарыстар өтеді. Онда облыс атынан әйелдер арасындағы сайыста оңтүстікқазақстандықтар: Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас жарыс жолына шығады.
ERNUR.KZ. 15 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында фристайлдың акробатика түрінен жарыстар өтеді. Онда облыс атынан әйелдер арасындағы сайыста оңтүстікқазақстандықтар: Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас жарыс жолына шығады. Осы 4 спортшымызды қолдау мақсатында Шымкент спорт сарайында іс-шара ұйымдастырылды. Айдынға жиналған жанкүйерлерге жас спортшылар өздерінің тәжірбиелерін көрсетті. Қазақстан чемпионаттарында жүлделі орындардан көрініп жүрген Олег Мельников мәнерлеп сырғанауда қойылым көрсетті.
Шорт-трекшілер мен хоккей бөлімінің жас спортшылары да жанкүйерлерге өз өнерін паш етті.
Жерлестеріміз 15 ақпан күні Астана уақытымен 17:00 де қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады.