Пепе 39 жас 275 күн дегенде Қатардағы мундиальда Уругвай командасына қарсы алаңға шықты.
ERNUR.KZ. Португалия құрамасының қорғаушысы Пепе әлем чемпионаттарына қатысқан жасы үлкен ойыншылар арасында үшінші орынға шықты, деп жазады vesti.kz.
Пепе 39 жас 275 күн дегенде Қатардағы мундиальда Уругвай командасына қарсы алаңға шықты. Ол сонымен қатар өз командасының сапында әлем чемпионаттарына барған ең жасы үлкен ойыншы ретінде рекорд орнатты.
Осыған дейін төрт жылда бір келетін футбол мерекелеріндегі рекорд Роже Миллге тиесілі. 1994 жылы АҚШ-та өткен мундиальда ол 42 жас 39 дегенде Камерун құрамасының сапында алаңға шықты. Ал Канада сапында осы жолы Атиба Хатчинсон 39 жас 292 күн дегенде алаңға шығып, жасы үлкен футболшылар арасында Миллден кейін екінші орынға тұрақтады.