Путинцева АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

0
495

Бұл қазақстандық теннисшінің ұзақ уақыттан бергі бірінші турнирі еді.


 Путинцева АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Ликсингтон қаласында басталған WTA турнирін жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz.

Отандасымыз турнирдің бірінші раундында Австралия өкілі Айла Томляновичті 6:0, 6:4 есебімен жеңді. Путинцева үшін бұл карантиннен кейінгі алғашқы матч.

Екінші айналымда қазақстандық спортшы швейцариялық Хиль Белена Тайхманмен кездеседі.

Айта кетейік, бұл Путинцева үшін коронавирус індетінен кейінгі бірінші турнир.