​Ресейде түркістандық спортшы қыз қола медальға ие болды

0
1 746

Оның күреспен айналысып жүргеніне бір жылдан енді асқан.


​Ресейде түркістандық спортшы қыз қола медальға ие болды

Ресей Федерациясының Казань қаласында белбеу күресінен өткен жарыста Түркістан облысы, Келес ауданының спортшысы Оразбай Ақмарал ІІІ-орынға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ресей Федерациясының Казань қаласында өткен белбеу күресінен жастар және жаөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Оразбай Ақмарал ІІІ-орынға ие болды.

Ақмарал Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев елді мекенінде 2001 жылы дүниеге келген. Ғ.Мұратбаев жалпы орта мектебінің түлегі.
Келестік спортшы қыздың күреспен айналысып жүргеніне бір жылдан асқан. Қыркүйек айында Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында өткен ҚР чемпионатында өз салмағында қарсылас шақ келтірмей чемпион атанып әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Күреспен айналысқанына көп болмасада әлем чемпионатының жүлдесіне ілігу, әрине, үлкен жетістік. Балуан қызға және жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорт мектебі ұжымына алдағы күндерде де жеңісті орындардан көрінуге үміт артылып отыр.
Айта кету керек, чемпионның жаттықтырушысы Алимов Бердібек - Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресінен және белбеу күресінен жаттықтырушы.