Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

0
179

Бүгін, 20 ақпанда қазақстандық аралас жекпе-жек жанкүйерлері мұхиттың арғы жағынан келген жағымсыз хабарды естіді.


Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

Фото: UFC

ERNUR.KZ. Жарақатына байланысты Шавкат Рахмонов UFC-дегі титулдық жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Бұл жекпе-жек мамыр айына жоспарланған еді. Осылайша, UFC чемпиондық белбеуі үшін күресетін бос орынға бірден америкалық Джек Делла Маддалена ие болды. Ол енді өз отандасы, белбеу иегері Белал Мухаммадпен октагонға шығады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл айқас 11 мамырда Канададағы Монреаль қаласында UFC 315 турнирі аясында өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде екі америкалық спортшы жартылай орта салмақтағы чемпиондық атақ үшін шайқасады.

Кейбір деректерге сүйенсек, Шавкат жарақатынан толық айықпай, тәуекелге барғысы келмеген. Оның толық қалпына келуі әлі кемінде 4-5 айға созылады. Сондықтан біз Рахмоновты жазда немесе күздің басында қайта көруіміз мүмкін.

Бастапқыда Шавкат пен Белал 2024 жылы желтоқсанда UFC 310 турнирінде (Лас-Вегас, АҚШ) кездесуі керек еді. Алайда Мухаммад денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартқан. Сондықтан UFC басшылығы Рахмоновқа ирландиялық Иэн Гэрриді қарсылас ретінде ұсынды. Ал, Рахмонов әдеттегідей бұл жекпе-жекте төрешілердің шешімімен таза жеңіске жетті.