6 шілде күні Қарағанды қаласы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында жасөспірімдер арасында «киокушинкай каратэден» әлем чемпионаты өтті.
ERNUR.KZ.6 шілде күні Қарағанды қаласы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында жасөспірімдер арасында «киокушинкай каратэден» әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Чемпионатқа Жапония, Әзірбайжан, Польша, Өзбекстан, Грузия, Германия, Ресей, Украина және т.б. 23 елден 200 каратэші қатысты.
Халықаралық каратэ ұйымының президенті Табата Шигеру спортшыларға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді.
Әлем чемпионатына Қазақстанның 11 облысынан 65 каратэші қатысты. Соның ішінде Түркістан облысының намысын 12 спортшы қорғап, 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншіледі. Бұл көрсеткіш Қарағанды облысынан кейінгі үздік нәтиже болды.
Айта кетейік, бұл чемпионатта 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер жас айырмашылығы бойынша 3 топқа бөлініп, 15 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған болатын. Қыздар арасында – 6 , ұлдар арасында – 9 салмақ болды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштікке Жапония, Қазақстан, Ресей елдері енді.
Бұл жарыс Қазақстанда 3-рет өткізіліп отыр. Осыған дейін 2014 жылы Ақтау, 2016 жылы Астана қаласында жалауын желбіреткен.
«Киокушинкай каратэнің» Қарағанды облысында өте жақсы дамығандығы байқалады. Мұнда каратэмен 5000-ға жуық адам айналысса, 3000-ға жуығы жасөспірімдер. Сондықтан бұл аймақтың әлеуеті зор», - деді Тәжімұрат Найзабеков.