Спортшы салмақ лимитніне жету үшін шашы мен сақалын қырып тастаған

0
693

Стивенс салмақ өлшеуге әдетте өсіріп жүретін сақалсыз және шашын да тақырлап келіпті.


Спортшы салмақ лимитніне жету үшін шашы мен сақалын қырып тастаған

ERNUR.KZ. ММА файтері америкалық Джереми Стивенс жеңіл салмақ лимитінен асып кетпес үшін басын тақырлап, сақал-мұртын қырған екен, деп жазады vesti.kz.

Стивенс салмақ өлшеуге әдетте өсіріп жүретін сақалсыз және шашын да тақырлап келіпті. Таразыда ол 70,76 келі тартқан - бұл титулды емес айқастарға лимиттің шегі екен.

18 маусымда өтетін PFL 4: 2022 Regular Season турнирінде ол ирландиялық Майлс Прайспен жұдырықтасады.

Стивенс ММА-дегі карьерасын 2005 жылы бастап, UFC-де өнер көрсеткен, алайда, 2022 жылы қататрынан бес жеңілістен кейін әйгілі промоушеннен шығып қалды.