Тайсон Фьюри карьерасына қатысты жаңа мәлімдеме жасады

0
578

33 жастағы Фьюри соңғы кездесуін 35 жастағы отандасы Диллин Уайтқа (28-3, 19 КО) қарсы өткізіп, қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірді.


Тайсон Фьюри карьерасына қатысты жаңа мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері ұлыбританиялық Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) карьерасын түбегейлі аяқтағаны туралы тағы да айтты, деп жазады vesti.kz.

33 жастағы Фьюри соңғы кездесуін 35 жастағы отандасы Диллин Уайтқа (28-3, 19 КО) қарсы өткізіп, қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірді. "Уэмбли" стадионында өткен бұл айқаста Тайсон өзіне тиесілі белбеуді екінші мәрте қорғап қалды.

Осы кездесуден кейін Фьюри қаржы жағынан қанша мықты ұсыныс алса да әйеліне шаршы алаңға қайта оралмаймын деп уәде берген.

"Бұл шындық. Мен шынымен карьерамды аяқтадым. Даңқты римдік қолбасшы айтпақшы, кез-келген уақытта мықты қарсылас табылады. Бірақ дер кезінде тоқтай да білу керек. Мен бақыттымын. Денім сау. Әлі миым істейді. Сөйлей аламын. Әдемі әйелім бар. Алты бала-шағам бар. Ақшам да жетеді. Талай белбеу жеңдім. Танымалмын. Енді шаршы алаңға не үшін шығуым керек?", - деп келтіреді Фьюридің сөзін TalkTV порталы.