Теннис: Кукушкин әлемдік рейтингіде төрт сатыға жоғарылады

0
507

Кукушкин Astana Open ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жетті.


Теннис: Кукушкин әлемдік рейтингіде төрт сатыға жоғарылады

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемдік рейтингіде төрт сатыға жоғарылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Кеше аяқталған Astana Open ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен М.Кукушкин 91-ден 87-орынға көтерілді.

Осы жарыс жеңімпазы, аустралиялық Джон Миллман 45-тен 38-ге, финалисі, франциялық Адриан Маннарино 39-дан 36-ға, ширек финалда М.Кукушкинді ұтқан 21 жастағы фин спортшысы Эмил Руусувуори 98-ден бірден 84-сатыға жайғасты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бұрынғы 49-орнында қалса, Дмитрий Попко 172-ден 173-ке сырғыды.

А.Бублик бүгін басталатын Париж мастерс турнирінде сәтті өнер көрсетсе, рейтингісін жақсартатындай мүмкіндігі бар. Ол алғашқы айналымда италиялық Лоренцо Сонегомен кездеседі. Л.Сонего Вена ATP 500 жарысында әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович сынды қарсыластарын ұтып, финалда ресейлік Андрей Рублевқа қана жол берді. Сөйтіп ол рейтингте 42-ден бірден 32-орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open турнирінің тұңғыш чемпиондары анықталғанын жазған болатынбыз.