​Универсиада-2019 ойындарындағы Қазақстан құрамасының жаңа формасы

0
1 072

Қазақстан құрамасының формасы қара-алтын түсте тігілген. Ұлттық тудың суретінен бөлек онда KAZ деген Универсиаданың эмблемасы бейнеленген.


ERNUR.KZ. Қысқы Универсиада ойындарының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Қазақстан құрамасының формасының суреті жарияланды, - деп жазады Тengrinews.kz.

Қазақстан құрамасының формасы қара-алтын түсте тігілген. Ұлттық тудың суретінен бөлек онда KAZ деген Универсиаданың эмблемасы бейнеленген.

Айта кетейік, қысқы Универсиада ойындары 2-12 наурыз аралығында Красноярск қаласында өтеді.

Универсиада - студенттер арасында өтетін халықаралық спорт жарыстары. Соңғы рет Универсиада ойындары Алматыда 2017 жылы өткен еді. Ол кезде Қазақстан құрамасы 2-орынды иеленіп, 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медаль алған еді. Ал биыл Универсиадаға 3000 мыңнан аса адам қатысады.