Яна Хан мен Нұртілек Қажығали Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

0
558

Бүгін 1000 метрге жүгіруден ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс аяқталды.


Яна Хан мен Нұртілек Қажығали Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда шорт-тректен Қазақстан біріншілігінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Бүгін 1000 метрге жүгіруден ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс аяқталды.

Әйелдер арасында Яна Хан (Нұр-Сұлтан) жеңіске жетсе, Алена Волковицкая (Қостанай облысы) екінші, Мадина Жанбосынова (Нұр-Сұлтан) үшінші орын иеленді.

Ерлер арасында оралдық Нұртілек Қажығали топ жарды. Күміс медальді Санжар Жеңісов (Нұр-Сұлтан), қоланы Еркебұлан Шамұханов (Павлодар) жеңіп алды.