"Зениттің" бас бапкері Нұралы Әліптің жағдайы туралы айтып берді

0
628

Ресейлік команда 22 жастағы қорғаушыны "Қайраттан" жыл соңына дейін жалға алған болатын.спорт


ERNUR.KZ. "Зениттің" бас бапкері Сергей Семак Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің демалыстан кейінгі жағдайы қалай екенін айтып берді, деп жазады Vesti.kz.

Ресейлік команда 22 жастағы қорғаушыны "Қайраттан" жыл соңына дейін жалға алған болатын. Ол өткен маусымда Ресей чемпионатында тоғыз кездесу өткізді.

"Қазіргі уақытта біз Вендел, Әліп және Баррисоты сынақтан өткізіп жатырмыз. Олардың қандай жағдайда екенін анықтап, қашан ойнай алатынын білу үшін. Бұл футболшылардың барлығы командамен жаттығу өткізуде. Бір қарағанда дайындықтары жақсын. Бірақ әлі тексеру керек", - деп келтіреді бапкердің сөзін клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, ұлттық құрамаларға берілген үзіліс кезінде Әліп Қазақстан құрамасы сапында төрт кездесуге де қатысты. Содан соң он шақты күш демалып, "Зенит" сапына қосылды.